«Республиканский центр сертификации систем менеджмента» менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган №KZ.Q.01.0448 20.07.2018 жылғы аккредиттеу аттестатына сәйкес қызметін іске асырады.
МЖ сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу облысы:
Мемлекеттік стандарт талаптарына Өтініш берушінің менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау:
- ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар»
- ҚР СТ ISO 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық»
- ҚР СТ OHSAS 18001-2008 (OHSAS 18001:2007) «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі. Талаптар»
- ҚР СТ ИСО 22000-2006. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар.
- ҚР СТ ISO 50001-2012 «Энергия менеджменті жүйелері. Қолдану бойынша талаптар және нұсқаулар».
Сертификаттау деген не?
Менеджмент жүйелерін сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган менеджмент жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.
Сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу облысындағы нормативті құқықты актпен, стандарт ережелерімен немесе басқа құжаттармен белгіленген менеджмент жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.
ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар»
ИСО 9000 сериясы – сапа менеджменті жүйелеріне арналған жалпы талаптар белгіленген халықаралық стандарттар. Стандарт ұйымның барлық фирма ішіндегі үрдістеріне жүйелік, кешендік тәсілдеме болатын, тиімді менеджмент жүйесін дайындаудың әлемдік тәжірибеде тексерілген, сенімді құралы болып табылады. Сапа менеджменті жүйесі – өнімнің сапасын үнемі арттыруға, тұтынушылардың қанағаттанушылығына және ұйым қызметінің тиімділігіне бағытталған сапалы басқару жүйесі. Сапа менеджменті жүйесі сапа кепілгерін қамтамасыз етуге және де тұтынушылардың қанағаттанушылық кепілі болатын, тұтынатын тауарлардың сипаттамалары мен қасиеттерін жақсарту үшін мүмкіншілік беруге қабілетті. Бүгінгі күнде ИСО 9000 халықаралық стандарттар сериясы бойынша сапа менеджменті жүйесін сертификаттау барлық жерде тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы қарым-қатынас бастамасы түрінде міндетті шарт болып табылады және өркениетті сауда кеңістігінде мойындауын білдіреді.
Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаудың артықшылықтары:
- Ұйымның беделі, атағы және инвестициялық тартымдылығының артуы, экономикалық тұрақтылығының артуы;
- Ұйымның өнім/қызмет сапасының жоғарылауы, сәйкессіз өнім үлесінің жоспарлы төмендеу;
- Уақыт пен материалдардың өнімсіз шығынының азаюы;
- Ұдайы жақсарту механизмін іске асыру;
- Басқарудағы жүйелі тәсіл;
- Инфрақұрылымды оңтайландыру, әкімшілік бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттыру және өнім/қызметтің өзіндік құнын төмендету;
- Қазақстанның ДСҰ–ға ену шарттарында бизнесті шетелдік бәсекеден сенімді қорғау;
- Мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысу барысында артықшылығы, бәсекелестер алдында басқа да тең шарттар кезінде басымдылығы;
- Енгізілген СМЖ-сін PR-акцияларда қолдану мүмкіншілігі;
- Ұйымның сыйлылығын және жоғары мәртебесін растау.
ҚР СТ ISO 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық»
Бүгінгі күнде кәсіпорындардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайту керектігін ешкімге түсіндіру қажет емес. Батыс және қиыр шығыс елдерінде (Жапония, Оңтүстік Корея) ұйымның ISO 14001 стандарты бойынша экологиялық менеджменті жүйесімен басқару тәжірибесі әлдеқашаннан бар.
ISO 14001 – ұйымның экологиялық қызметін басқару үшін құрастырылған халықаралық стандарт. Бұл стандарт қоршаған ортаға әсер ететін ұйымның барлық процестерін тиімді етуге арналған. Жұмыс барысында ертеден бар және мүмкін тәукелдер бағаланады, ұйымның экологиялық қызметін жетілдіру сызбалары дайындалады. Нәтиже –экономиялық өндіріс (материал, шикізат, энергия шығындарын азайту арқасында), оның сапасын арттыру, қайта өңдеу әдістерін түзету және қалдықтарды кәдеге жарату және т.б. Осылайша ұйымның экологиялық қызметі толық бақылауға алынады, ал ұйымның қызметі экономиялық болады.
ISO 14001 стандарты бойынша экологиялық менеджмент жүйесін енгізу және оны содан кейін сертификаттау ерікті іс болуына қарамастан, көпшілік Қазақстандық кәсіпорындар үшін бұл рәсімдерді өту – амалсыз шама, бұл шетелдік әріптестердің шартталған талаптары немесе мемлекеттік сатып алуларда (тендерлерде) қатысу шарттары. Дегенмен, ISO 14001 стандарттарымен таныса келе, Қазақстандық кәсіпкерлердің көпшілігі ISO 14001 сәйкестік сертификатының маңыздылығын ғана емес, экологиялық менеджмент жүйесін енгізу нәтижесінде айтарлықтай артықшылықтарын түсіне келеді.
Мердігерді таңдауда және мәміле жасауда өндірістің, өнімнің, қызметтің экологиялық қауіпсіздік өндірісі өзекті мәселелердің бірі болып есептелсе, ISO 14001 стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттау бизнес иелері мен кәсіпорын басшыларында танымалды болып келеді.
Экологиялық менеджмент жүйелерін сертификаттаудың артықшылықтары:
- Қоршаған ортаны қорғау басқару жүйесін үздіксіз жетілдіру нәтижесінде шығынды үнемдеу;
- Ресурстарды (мысалы, су, электрқуат) өндіру процесінде ұқыпты қолдану;
- Қоршаған ортану қорғауда қажетті шараларды дайындық кезеңінде жүзеге асыру;
- Қоршаған ортаны қорғауда зерделік көзқарасына қатысты клиенттердің талаптарды орындауы (жеткізушіге рұқсат беру шарты) ;
- Қоршаған ортаға ұқыпты қарайтын қатысы бар ұйымның беделін иемдену;
- Қоршаған ортаға зиян әрекетін азайту;
- Экологиялық менеджмент жүйесін ерікті дара міндетті түрде белсенді қолдану кәсіпкерлік қызметте жаңа мүмкіндіктер ашады және есепке алынбаған тәуекелдерден құтылуға мүмкіндік береді.
ҚР СТ OHSAS 18001-2008 (OHSAS 18001:2007) «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі. Талаптар»
Нарықтағы бәсекелестік жағдайында клиенттер жеткізушілерден жағымды баға ғана талап етпейді. Ұйымдар менеджменттің тиімділігін және өзінің жауапкершілігін көрсету керек, және де жазатайым оқиғалар мен егестіктерден туындайтын созылмалы тұрып қалусыз сенімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге дайынм болу керек.
ҚР СТ OHSAS 18001-2008 (OHSAS 18001:2007) (Occupational Healthand Safety Management Systems) стандарты кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесіне талаптарды орнатады, осылайша ұйым басшылығын жүйелік негіз ретінде жұмысшылардың кәсіби тәуекелдерін азайту шараларын өткізуге және еңбек ету шарттарын жақсартуға жақындатады.
ҚР СТ OHSAS 18001-2008 (OHSAS 18001:2007) стандарты бойынша менеджмент жүйесін сертификаттау Сіздің ұйымға стандартқа сәйкесітігн растайды және келесі артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
- Жазатайым оқиғалардың санын кеміту;
- Тұрып қалу және онымен байланысты шығындарды кеміту;
- Заңнамалық және нормативті талаптарды ұстануын көрсету;
- Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және еңбекті қорғауда Сіздің ұстаушылығыңызды мүдделі тараптарға көрету;
- Жаңашыл және болжағыш тәсілдемелерді көрсету;
- Іскер әріптестер мен жаңа клиенттер тобын кеңейту;
- Қазір және келешекте қауіпсіздк пен денсаулық тәуекелдерін басқарудың жоғары деңгейі;
ҚР СТ ИСО 22000-2006. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар.
2005 жылы ISO халықаралық стандарттау ұйымы НАССР (Hazard Analysis and Critical Control Points) принцирптеріне негізделген ISO 22000 стандартын бекітті. Стандарт өндіріске арналған талаптарды сақтауға, тамақ өнімдерін өндіру кезінде ықтимал қауіп-қатерлерді анықтау мақсатында барлық процесстерді мұқият саралауға, және осы қауіп-қатерлерді төмендетуге, жоюға және болдырмауға нақты әрекет орнатуға негізделеді.
Стандартты жасауда басты мақсаттарының бірі болып тамақ өнімдері қауіпсіздігі саласындағы көп мөлшерлі халықаралық құжаттарды үйлестіру болды.
2013 г. 1 шілдеден бастап Кедендік Одақ елдерінің территориясында жаңа Техникалық Регламент TP ТС 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» күшіне енді, келесіні ұйғарады: (10 баб): «…өнімнің қауіпсіздігінің талаптарымен байланысты тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесстерін жүзеге асыру барысында, дайындаушы НАССР принциптеріне негізделген рәсімдерді енгузіге, өңдеуге және қолдауға міндетті.
Осылайша, ТР ТС 021/2011 сәйкес тамақ өнімдерін өндіру барысында (тамақ өнімдері, су, алкоголь өнімдері, сусындар, жартылай дайын өнім, тамақ өнімдерін дайындауға арналған өсімдік және жануар шикізаты, және т.б.), сондай-ақ өнімді сақтауда, тасымалдауда және сатуда (өндірушілер, дистрибуторлар, тасымалдаушылар, көтерме және бөлшек желілері, кафе, мейрамханалар және тамақ өнімдері айналасындағы басқа ұйымдар), Кедендік Одақ елдерінің сыртқы және ішкі нарықтарында НАССР принциптеріне негізделген қауіпсіздік талаптарын ұстануы қамтамасыз етілу керек.
НАССР принциптері, сонымен қатар ISO 22000:2005 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Тамақ өнімдерін өндіру саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартында жүзеге асырылады.
Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелерін сертификаттау артықшылықтары:
- Өнім сапасын басқаруда тікелей өнімді бағалау орнына жүйелік тәсілдемені қолдану;
- Барлық ресурстарды үйлесімдеу және технологиялық процесстерді оңтайландыру;
- Жеткізушілермен, әріптестермен, тұтынушылармен және бақылау органдарымен қарым-қатынасты үйлесімдеу;
- Жұмысшылардың жауапкершілігі мен жеке білімін жоғарылату;
- Тұрақты негізде қауіп-қатерлерді бақылау, өнімнің өмірлік цикл операциясын бақылау үшін қаражат енгізу және дайындау;
- Тендерлерге қатысу барысында артықшылық және ұйымның халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндігі;
- Сіздің өнімге тұтынушылардың сенімін арттыру, және де өнімнің бәсекелесі қабілетін жоғарылату;
- Бизнес табыстылығын арттыру.
ҚР СТ ISO 50001-2012 «Энергия менеджменті жүйелері. Қолдану бойынша талаптар және нұсқаулар»
ISO 50001 энергияны басқару, соның ішінде энергия тиімділігі, энергияны қолдану және тұтыну саласындағы ұдайы жақсартуға жету мақсатында энергия менеджменті жүйесін енгізу, дайындау, пайдалану және жақсарту талаптарын орнатушы жаңа ерікті халықаралық стандарт болып табылады.
2012 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру ынталандыру үшін «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заң қабылданды.
Энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жетілдіру бақылауы мемлекеттік энергетикалық тізілім субъекттілерінің бірінші басшыларына жүктеледі.
Энергия менеджменті жүйесі – стандартталған өлшемдер мен тексерулерге негізделген, тек өндіру үшін қажетті энергияны тұтынатын жұмыс тәртібін қамтамасыз ететін басқару жүйесі. Энергия менеджменті ұйым басшылығына энергияны тұтыну және тарату туралы үздіксіз ақпарат, сондай-ақ өндірістік мақсатта және жылуға қолданған энергия туралы ақпаратты қамтамасыз ететін құрал болып келеді.
Энергия менеджменті жүйесін сертификаттау артықшылықтары:
- Табиғат ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау және энергиялық тиімділік облыстарындағы нормативті-құқықты талаптарын үнемі ұстанауын көрсететін ұйым ретінде қадағалаушы орган, қоғам және тұтынушылар арасында жағымды бедел алу;
- Энергияны жабдықтаумен және тұтынумен байланысты тәуекелдер мен экологиялық тәуекелдерді кеміту себептеріне байланысты инвестициялық жағымдылықты арттыру;
- Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату;
- Әлеуметтік жауапкершілікті көрсету;
- Бизнес тұрақтылығын арттыру;
- Әріптестердің орнықтылығының кепілдігі;
- Жаңартуға ынталану.
Сәйкестікті бағалау (сертификаттау) рәсімі қалай жүзеге асырылады?
- Сәйкестікті растау органына өтінім жіберу және сертификаттау шараларын (сертификациялық аудит) өткізуге шартқа қол қою.
- Басапқы зерттеуге және талдуға (менеджмент жүйесінінің алғашқы аудиті) Сәйкестікті растау органына СМЖ құжаттарын көрсету.
- Алғашқы аудит барысында анықталған кемшілктерді жою.
- Сәйкестікті растау органының аудиторларының ұйымға баруы және «орында» аудит өткізу.
- Сертификациялық аудит қорытындысы бойынша есеп беру.
- Сертификациялық аудит қорытындысы бойынша сәйкестік сертификатын дайындау, тіркеу және беру.
Өтінім формасын толтырыңыз және бізге +7 7172 72 80 38 телефон нөмеріне хабарласыңыз .