Аудит және сертификаттау

АПЕЛЛЯЦИЯ, НАРАЗЫЛЫҚ ЖӘНЕ ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ

Апелляция, наразылық және шағымдарды беру тәртібі туралы ақпарат

Апелляция, наразылық және шағымдарды қалай және қайда беру туралы ақпарат тұтынушыларға келесі әдістермен уақытылы жеткізіледі:

  • Кітапшалар, плакатар, сендтер, жарнамалық даңғылдар;
  • Электронды файлдар (сайт немесе электронды пошта);
  • Менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жұмыстарының басталу алдында және жұмыс нәтижесінде;
  • Ауызша түрде.

Ақпаратта міндетті болу керек:

  • Менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау органының толық координаталары (телефон, факс, мекенжай, аты жөні);
  • Апелляция, наразылық және шағымды қайда және қалай дайындау екендігі;
  • Апелляция, наразылық және шағымды беруші не ұсыну керек;
  • Апелляция, наразылық және шағымдармен жүгіну үрдісінің қысқа баяндамасы;
  • Апелляция, наразылық және шағымдарды берушінің әрекет нұсқалары, сыртқы тәсілдерді қоса алғанда;
  • Апелляция, наразылық және шағымның қарастырылу жағдайы туралы жауапты қалай алады.

ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Тапсырыс беруші міндетті:

1) МЖ сәйкестікті растау саласындағы нормативті құқықтық актілердің, нормативті құжаттардың талаптарының және осы Келісімшартпен бекітілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;

2) МЖ сертификациялық аудитін өткізудің келісілген күніне дейін 30 күннен кеш емес Атқарушыға МЖ құжаттамасын талдауға жіберуге;

3) МЖ сәйкестікті растау бойынша жұмыстарын атқарған кезде Атқарушымен бірге жұмыс істеу үшін өкілетті тұлғаны (еріп жүруші) анықтауға;

4) инспекциялық бақылау, орналасқан мекенжайы бойынша аудит өткізілген жағдайда, аудит бойынша тобына бөлмеге (бөлмелерге) кіру, құрал-жабдықтарға, мәліметтерке және құжттарға рұқсатын беруді қамтамасыз етуге;

5) бақылаушылардың қатысуы үшін мүмкіндік жағдайларын жасауға (мысалы, аккредитация бойынша органның аудиторларына немесе тағылымгерлерге);

6) жою туралы шешімін алған уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде Атқарушыға МЖ жойылған сәйкестік сертификатын қайтаруға;

7) МЖ саласы шеңберінде сәйкестік сертификатына сілтенуге;

8) МЖ сертификациялық саласында әрекет етуді тоқтату туралы Атқарушыға хабарлауға;

9) МЖ қабілеттілігіне әрекет ете алатын, стандарт талаптарының сәйкестігін қамтамасыз етуді жалғастыру бойынша менеджмент жүйесіндегі келесідей маңызды өзгерістер туралы Атқарушыға тез арада хабарлауға:

заңды және ұйымдастыру мәртебесі немесе меншік нысаны;

ұйымдастыру немесе менеджмент (мысалға, басты тұлғалардың, қабылданатын шешімдердің өзгеруі);

деректемелер;

менеджмент жүйесі шеңберінде әрекет аймағы;

МЖ құжаттарындағы және рәсіміндегі маңызды өзгерістер;

байланыстардың өзгеруі.

10) МЖ сәйкестік сертификатын қайтарған, әрекетін тоқтатқан, жойған жағдайда, сертификациялауға сілтеуді тоқтатуға;

11) Келісімшарт бойынша жұмыстарды төлеуге;

 

Тапсырыс беруші хақылы:

1) апелляциялар және шағымдар бойынша комиссиясына Атқарушы қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануға;

2) апелляциялар және шағымдар бойынша комиссиясына МЖ сертификациясы бойынша жағымсыз шешіміне шағымдануға;

3) даулар пайда болған жағдайда өкілетті органға жүгінуге;

4) осы Келісімшарт бекіткен тәртіпте сертификаттау белгісін пайдалануға;

5) МЖ саласын кеңейту немесе қысқарту туралы, сәйкестік сертификатын қайтару немесе әрекет етуін тоқтату туралы өтінішімен Атқарушыға жүгінуге;

Тапсырыс беруші Келісімшартпен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген басқа да құқықтарға ие болып, міндеттерін атқарады.

Бірде-бір Тарап Келісімшарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.

Тараптардың Келісімшарт бойынша бір-біріне берген құжаттама және кез келген мәлімет Келісімшарттың әрекет етудің барлық мерзімінде, сонымен қатар, оның мерзімі біткеннен кейін 5 (бес) жыл бойы құпия болып, бұқаралық мәлімет үшін басылып шығарылмайды және/немесе таратылмайды, сонымен қатар, екінші Тараптың алдын-ала жазбаша келісімінсіз, Келісімшарт бойынша мәліметті және Сертификацияланған МЖ тізіліміне енгізуге жататын мәліметті талап етуге құқылы өкілетті мемлекеттік органдардан басқа, үшінші тұлғаларға берілмейді.

 

ЖҰМЫСТАР ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ

1. Менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жұмыстарының құны «Аудитті өткізуге еңбек шығынын бағалау» құжатына сәйкес анықталады.

2. Көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу Атқарушының есеп айырысу шотына ақшаны аудару арқылы төлем шоты негізінде жүзеге асырылады.

3. МЖ аудитінің және Тапсырыс беруші ұсынған құжаттар сараптамасының жағымсыз нәтижелері кезінде ақша қаражаты қайтарылмайды.

4. Сертификатталған МЖ инспекциялық аудит төлемі тапсырыс берушімен төлем шоты негізінде жалы соммадан 60% көлемінде инспекциялық аудитты өткізу уақытына дейін 10 күннен кеш емес жүзеге асырылады.

5. Құжаттардың қайта сараптамасына және (немесе) орналасқан мекенжайы бойынша қайта аудитіне төлеу тек осы аудитті жүргізу қажет болғанда ғана төленіп, осындай сараптаманың немесе аудиттің бағасы Тараптар жасайтын қосымша келісіммен анықталады.

Тапсырыс беруші қосышма келісімге сәйкессіздіктерді жою мерзімінде қол қоюға тиіс. Бекітілген мерзімде қосымша келісімге қол қойылмаған жағдайда, Атқарушы бас тартудың болжамалы күніне бес күн қалғанға дейін Тапсырыс берушіге хабарлап, Келісімшартты орындаудан бір жақты тәртіпте бас тартуға құқылы.

Осындай жағдайда Келісімшартты жою күні хабарландырудың бесінші күнінен кейінгі күн есептелінеді.

6. Кезектен тыс инспекциялық аудиттер бағасын Тараптар қосымша келісім жасау арқылы анықтайды.

Тапсырыс беруші қосышма келісімге Атқарушы берген күннен бастап 30 күнтізбелі күн ішінде қол қоюға тиіс. Бекітілген мерзімде қосымша келісімге қол қойылмаған жағдайда, Атқарушы бас тартудың болжамалы күніне бес күн қалғанға дейін Тапсырыс берушіге хабарлап, Келісімшартты орындаудан бір жақты тәртіпте бас тартуға құқылы.

Осындай жағдайда Келісімшартты жою күні хабарландырудың бесінші күнінен кейінгі күн есептелінеді.

7. Кезектен тыс аудитке төлеу тек осындай аудит нәтижесінде өтініште немесе хабарландыруда көрсетілген бұзушылықтың  растау жағдайында ғана жүргізіледі, осында осы аудиттің бағасы нақты шығындар бойынша анықталып, Келісімшарттың 4.7 тармағына сәйкес төленуге жатады.

8.  Жұмыстарға төлеу төлем шотын берген күннен бастап бес банкілік күні ішінде төленеді.

Пікір үстеу

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.